Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу бойынша
Кәсіпорындағы жұмыс орындарын аттестаттау-еңбек жағдайларын бағалау, өндірістегі зиянды және қауіпті факторларды анықтау және оларды барынша жою бойынша шараларды әзірлеу жөніндегі маңызды құрал. Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 317-бабына негізделген және барлық жұмыс берушілер үшін міндетті болып табылады. Кәсіпорындағы немесе мекемедегі жұмыс орындарына қатаң талаптар қойылады, сондықтан жұмыс орындарын аттестаттау кемінде бес жылда бір рет жүргізілуі керек. Әр объект қатаң параметрлерге сәйкес келуі керек, ал қызметкерлер еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құжаттармен реттелетін бірқатар талаптарды сақтауы керек.
Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау бұзушылықтарды, қателер мен кемшіліктерді жою бойынша міндеттерді айқындауға және еңбек жағдайларын қолданыстағы қағидалар мен нормаларға сәйкес келтіруге мүмкіндік береді. Жұмыс орындарын аттестаттауға қойылатын талаптарды сақтамау әкімшілік жауапкершілікке және айтарлықтай мөлшерде айыппұл санкцияларына әкелуі мүмкін. Жұмыс орындарына аттестаттау жүргізу объектінің белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді, сондай-ақ ұйымның персоналы қандай да бір дәрежеде әсер ететін қауіпті факторларды зерделеуді білдіреді. Жұмыс орындарына аттестаттау жүргізуді осы рәсімді жүзеге асыруға құқығы бар ұйымның штаттық қызметкерлері не тиісті үлгідегі рұқсаты бар сыртқы ұйымдар жүргізуі мүмкін. Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу даярланған мамандарды тартуды талап етеді.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу кезінде “Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1457 қаулысын және басқа да құжаттарды басшылыққа алған жөн.
Алматы филиалы еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын кәсіби аттестаттау бойынша өз қызметтерін ұсынады. Біз аттестаттауды заңнамалық актілердің талаптарына толық сәйкестікте жүргіземіз. Аттестаттау аяқталғаннан кейін біз құжаттар пакетін және қателерді жою және еңбек жағдайларын жетілдіру бойынша пайдалы практикалық ұсыныстардың тізімін әзірлейміз.
Өз ұйымыңызды әкімшілік жауапкершіліктен қорғаңыз және бүгінгі күні қызметкерлердің денсаулығы мен өмірінің сақталуын қамтамасыз етіңіз!
Еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын кәсіби аттестаттау қауіпті факторларды анықтауға және жоюға мүмкіндік береді.
Тел.: + 7 (727) 303 91 40, 303 91 41, 303 91 27